Бұрандалы пішінбілік пен бойлық сыналы орнақта фольгаға арналған дайындаманы жаймалағанда құрылымның қалыптасу эволюциясын зерттеу

МҒТАР 53.43.13                                                                                         №4 (2018г.)

 

Машеков С.А.,  Мауленова М.Р., Машекова А.С., Тусупкалиева  Э. А.

 

Мақалада 2017 алюминий қорытпасына бұрандалы пішінбілікте қаңылтырларды жаймалауда өтім санының, сондай-ақ бойлық-сыналы орнақта жаймалауда бір рет қысу микроқұрылым параметрлеріне әсерін зерттеу қорытындылары келтірілген. Бұрандалы пішінбілікте жолақтарды әр түрлі өтіммен жаймалауда, сондай-ақ 400ОС және 450ОС деформациялау температурасында бойлық-сыналы орнақта жаймалағаннан кейінгі ультраұсақ түйіршікті құрылым өлшемдеріне салыстырмалы бағалау жасалған. Түйіршікті және ақаулы құрылым сипаттамалық параметрлері көрсетілген. 2017 қорытпасының ішкі құрылым эволюциясының жалпы тенденциясы белгіленген. ББ жаймалау процесінде қорытпалық құрылымның параметрлерінің өзгеру сипаты үздіксіз динамикалық рекристаллизация механизміне сәйкес, жаңа нанометрлік өлшемдегі түйіршіктердің қалыптасуын көрсетеді. 2017 алюминий қорытпасынан дайындалған қаңылтыр материалының біркелкі өлшемдері 240 нм шамасында ультра-ұсақтүйіршікті құрылымды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл қорытпаның беріктігі мен илемділік қасиеттерінің жоғарылауына алып келеді.
Түйінді сөздер: алюминий қорытпасы 2017, жаймалау, бұрандалы біліктер, қарқынды пластикалық деформация, бойлық-сыналы орнақ, электронды микроскопия.

 

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика