Деформацияның механикалық сұлбасының Л63 жезінің кедергісіне, құрылымыны қалыптасуына және материалының тұтастығының бұзылуына әсері

Машеков С.А., Дийя Х., Уразбаева Р.Е., Тусупкалиева Э. А.  

 

Түйіндеме. Мақалада илемдеу процесінің әр түрлі тәсілдерін қолданған кезде деформация ошағында тарту, бұралу, бұрап тарту сияқты деформация түрлері пайда болатындығы айтылған. Зерттеу STD 812 пластометрінде жүргізілді. Пластометрде жүргізілген тәжірибелер, түсірілген жүктеменің түрі деформация кедергісінің қисық сызығына елеулі әсерін тигізетіндігін көрсетті. Дайындамаға бұрау, тартумен бұрау сияқты жүктемені түсірумен салыстырғанда, тартатын деформацияны түсіретін болса, онда деформация ошағының мойнағында деформация қатты шоғырлатындағы айтылған. Мыс қорытпаларынан жасалған дайындамаларды тарту, бұрау, бұрап тарту сияқты деформация түрлерімен деформациялағанда, оларда салыстырмалы ұсақтүйіршікті құрылым қалыптасатындығы анықталған. Осы кезде, тарту және бұрау сияқты деформация түрлерімен деформацияланған үлгілермен салыстырғанда, тартатын бұраумен деформацияланған үлгілерде тым ұсақтүйіршікті құрылым құрылатындығы белгілі болды. Л63 жезі 700 – 900 оС темпертура аралықтарында максимальды илемділікке иемденетіндігі анықталды.
Түйінді сөздер: тарту, бұрау, тартып бұрау, Л63 жезі, қайту, полигонизация, рекристаллизация, деформация кедергісі, шекті илемділік.

 

МРНТИ 53.03.05, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика