2018 ж. 26 наурыздағы жер сілкінісі қ. Алматы қаласындағы 25-қабатты ғимараттың динамикасы

МРНТИ 67.03.03, 67.11.59                                                                        №4 (2020г.)

Лапин В.А., Ержанов С.Е., Девятых А.А., Алдахов  Е.С. 

 

2018 жылғы 26 наурыздағы жер сілкінісі кезіндегі «Қазақстан» қонақ үйінің 25-қабатты ғимаратының әрекеті талданады. Жер сілкінісінің
ошағы Қапшағай қаласынан алыс емес жерде орын алған. Қонақ үйдің ғимаратында инженерлік сейсмометриялық қызметінің цифрлық станциясы орнатылған. Көрсетілген жер сілкінісі кезінде ғимараттың резонанстық құбылыстарының жоқтығы айқындалды. Азимуттық жазықтықтарда ғимарат деңгейлеріндегі жылдамдықтың қисық таралуы салынды. Техникалық қабат деңгейінде ғимарат маңында тектоникалық жарығының салдарынан болуы мүмкін тік бағыттағы айтарлықтай үдеу белгіленді. Жертөле деңгейіндегі тәртіп спекторы максимумының периоды 0,18 сек.екендігі айқындалды. Бірінші рет ғимарат деңгейлерінде аспаптық жазбалардың энергетикалық сипаттамалары анықталды.
Түйінді сөздер: акселерограмма, сейсмикалық станция, үдеу, тербеліс периоды.

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика