Соя тұқымын зарарсыздандыру – міндетті шара

скачать

 

Мауи А.А., .Ануарова Л,Е.,  Айтжанова М.О 

 

Түйіндеме. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында сояның 15-тен аса ауру түрлері тіркелген. Осы аурулар өнімді азайтып, сапасын төмендетіп, соя өндірісіне едәуір зиянын тигізеді. Сояның Эврика, Қазақстандық 200, Букурия, Қазақстандық 2309, Гибрид 687 және Мереке деп аталатын коммерциялық сорттарының тұқымына жасалған фитопатологиялық сараптамада олардың әртүрлі фитопатогендік, зеңдік және сапрофитті саңырауқұлақтары тудыратын ауырумен ауыратыны көрсетілген. Көбінесе Fusarium саңырауқұлақтары жиі кездеседі екен. F. Gibbosium-ның кездесу жиілігі 29%; F. solani-11%; F. moniliforme-7%; F. sambucinium-2%-ды көрсетсе, қалған түрлері сирек кездесіп отырған. Дәндерді зеңді қоздырғыштардың ішінде Penicillun және Aspergillus тұқымдарының микроорганизмдері де жоқ емес. Соя тұқымының ауруларына қарсы мынандай дәрілегіштер қолданылған: ТМТД, фундазол, точигарен, байтан, суми-8, супер колфуго, дерозал, фенорам, беномил. Барлық дәрілегіштердің соя тұқымының өсу энергиясына және өнімділігіне оң әсерін тигізетіні анықталған. Дәрілегіштердің тұқымдардың ең тиімдісі 3 л/т дозасындағы фундазол және беномил болып шықты. Целлюлотикалық бактериялар коллекциясының ішінен антогонистикалық белсенділігі жоғары № 3, 7, 77, 707 штамдары таңдалып алынды.

Түйінді сөздер: Соя, тұқым аурулары, фузариоз, аскохитоз, пероноспороз, дәрілегіштер, целлюлотикалық бактериялар, штамдар, фундазол, беномил, байтан, өнімділік, зақымдану.

 

МРНТИ 68.37.13                                                                           №2(2018г.)

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика