Жұқпалы цирковирустық індет кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер

Султанулы Ж., Ромашев К.М., Турабеков М.Р.

Түйіндiме. Біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мақсаты – Қазақстан Республикасы өңіріндегі шошқаның репродуктивті-респираторлы синдромы (ШРРС) мен шошқаның жұқпалы цирковирус індетіне (ШЦВІ) мониторинг жүргізу. Мемлекеттер арасындағы экономика, сауда және туристік байланыстарды дамытып, кеңейтуге байланысты, Қазақстан өңірінде аса қауіпті шошқа ауруларының ауытқу мүмкіндігі артады. Ғылыми жұмысты орындау эпизоотиялық жағдайға байланысты Қазақстандағы шошқалардың репродуктивті-респираторлы синдромы мен шошқаның жұқпалы цирковирус індетіне жүргізіледі. Мақалада біздің зерттеу нәтижеміз бойынша қазіргі уақытта шошқа шаруашылықтарында жүргізілген эпизоотияға қарсы іс-шараларға және жұқпалы індетке қарсы профилактикалық іс-шараларға қарамастан Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарының шошқа фермаларындағы ШРРС және ШЦВІ індетінің вирустық айналымға түсетіні анықталып, індетке қарсы профилактикалық алдын алу іс-шараларын жүргізіп, шаруашылық аймағында ШЦВІ қарсы вакцина егуге тәуелді болдырмау мәселесі қаралады.
Түйіндi сөздер: мониторинг, қоздырушы, жұқпалы індет, вирус, антиген, антидене, шошқаның репродуктивті-респираторлы синдромы, шошқа цирковирусы.

 

МРНТИ 68.39.35                                                                            №2(2018г.)

 

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика