Сүт қышқыл өнімдерінен биотехнология әдісімен йогурт дайындау

Кенжеева Ж.К., Велямов М.Т., Дюскалиева  Г.У.

Түйіндеме.  Қазақстанда қолданыстағы сүт өнімдерін өндірудің номенклатурасы мен кейбір технологиялары, соның ішінде йогурт туралы қысқаша шолу келтірілген. Сүт өнімдері ең жоғары қоректік тағамдар. Әсіресе сүт және сүт қышқыл өнімдері барлық жас санаттарындағы балалар үшін: ерте, мектепке дейінгі және мектепке арналған диетаның бастамасы болуы керек. Сүт және сүт өнімдерінде ақуыздардың оңай сіңуімен қатар кальций, магний тұздарының жеңіл сіңетін формалары болуы тиіс, сондықтан өндірісте қышқыл сүт өнімдерінің пайдалы әсерін жетілдіру процесі үнемі жүріп отырады. Қазақстанда сүт өндірісі жеткілікті дамыған және көлемді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2015 жылы тамақ өнеркәсібінде Қазақстанда 5,18 млн. тонна сүт өндірілді (сүттің 40% өңделді), 2014 жылы – 5,06 млн. тонна сүт 40% сүт өңделді 2013 жылы – 4,93 млн тонна сүт (41% өңделді), 2012 жылы – 4,85 млн. Тонна сүт (35%). Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары ең үздік сүт өндіруші аймақтар болып табылады.
Түйінді сөздер: сүт, йогурт, қышқыл сүт өнімі, витаминдер, микроорганизмдер, фермент, ақуыз.

 

МРНТИ 65.63.33, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика