Көмірсутектік синтетикалық отынның резервтік көзі ретіндегі көмір кен орындары

МРНТИ 52.35                                                                                       №1 (2019г.)

 

Майдуков Г.Л.  

 

Мақала көмірсутекті отынның табиғи қорының жойылу мәселелеріне және оларды алмастыру үшін синтетикалық отынның резервтік көзі ретінде аймақтық көмір кен орындарын пайдаланудың тұжырымдамасын жасауға арналады. Мемлекеттің отын-эенергетикалық балансының техникалық әлеуеті контексіндегі көмір өндірісі қысқаша сипатталған. Жерастылық өндірудің заманауи технологиясын жүйелі түрде талдау процесінде тау жыныстарының геостатикалық қысымы әсерінен өзгеріске ұшыраған шахталардағы атмосфераның қалыптасу механизмі және тау өндірістерін газсыздандыру арқылы қауіпті концентрациялардың қалыптасуын болдырмаудың амалдары жан-жақты суреттелген. Шахтаға шахталардың статистикалық есептілігі бойынша дерекқорынан берілген атмосфералық ауаның ықтимал шығынын анықтау мақсатында автор тазарту кенжарына жүктемеден тыс берілетін ауа ағыны көлемінің ең төменгі шекарасына эмпирикалық байланысты көрсеткен. Алынған нәтижелер негізінде Донбасс шахталарындағы кен өндіру телімдерінің газсыздандырылған қондырғылардың газ-ауа қоспасындағы метан концентрацияларына қарай орналасуы келтірілген. Қорытындысында аймақтың отын-энергетикалық балансындағы синтетикалық отынға тең келетін газ бен мұнайды алмастыратын резервтік көз ретінде тау жыныстарының кеуекті ортасы мен шайма апандарындағы метанның жиналуы, көмір өндіру орындарының мүмкіндіктері мен әртараптандыру жолдары берілген.
Түйінді сөздер: көмір, шахталық метан, газсыздандыру, синтетикалық отын, газдылық.

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика