Тазартпа қазба төңірегіндегі таяныш қысымы туралы есебіндегі үшінші текті фредгольм интегралдық теңдеулердің бір жүйесін сандық әдіспен шешу арқылы есептеу

МҒТАР 52.01.77                                                                                         №3 (2019г.)

Адилбек Н.А., Шаихова Г.С., Журов В.В., Шегебаева Г.Е.

Тұтқыр қабаттардың бірінде орналасқан кен қазбасы төңірегіндегі сілемдердің кернеулері мен орын ауыстырулары көмір қабатындағы тазалау жұмыстарының әсеріндегі күйі қарастырылған. Бұл әсер төменгі қабаттағы жарты жазықтықтың шекараларында берілген қалыпты және ығысу күштері арқылы ескерілген Зерттеулердің мақсаты: шеңбер нұсқасында берілген кез келген жүктеулермен әсер етілген қазбамен әлсізденген шекарадағы қабатты жарты жазықтықтың кернеулік күйін анықтау. Мәселе Колосов – Мусхелишвили кешенді потенциалын және Фурье интегралдық түрлендіруін қолдану арқылы шешіледі. Серпімділік теориясындағы Фурье интегралдық өрнектеу әдісіне негізделе отырып, қалыпты және жанама байланыс күштеріне екі түрлі қабатты жартылай беттерге қатысты интегралдау жүйесі алынған.
Бұл жұмыста Фурьенің интегралдық түрлендіру әдісі арқылы серпімділік теориясының екі біртекті емес қабатты жарты жазықтықтардың қалыпты және жанама түйісу күштерінің интегралдық жүйелері алынған.
Түйінді сөздер: сілем, штрек, кернеулер, кенжар, модель, кешенді потенциал, көмір тақтасы, интегралдау түйіндері.

 

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика