Маймен толтырылған трансформаторлардың жылдам салқындату тәсілі

МРНТИ 44.29.31                                                                            №3 (2018г.)

Хисматуллин А.С., Коныс Е.М.

 

Мақала бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – күшті майлы трансформаторлардың айтарлықтай ұзақ және қысқа мерзімдегі шамадан тыс жүктеу кезіндегі салқындату жүйесінің тиімділігін арттыруға арналады. Күшті майлы трансформаторлардың салқындату тиімділігін арттыру олардың ресурсын арттыруға, пайдаланудағы үнемділігі мен қауіпсіздігін күшейтеді. Қысымның әр түрлі кластардағы және пайдалану мерзімі әртүрлі трансформаторлардың істен шығу себептері туралы статистикалық деректері келтірілген. Статистикалық деректерді зерттеу барысында трансформаторлардың істен шығуының бір себебі жазғы уақытта пайдалану және белгілі бір ұзақ және қысқа уақытта түсетін салмақ кезіндегі майлы салқындату жүйесінің тиімсіздігі болып отыр. Күшті майлы трансформаторлардың салқындату жүйесінің тиімділігін арттыру үшін салқындату майын айналмалы элегазбен барботаждау және элегазды термоэлектрикалық тоңазытқышпен суыту ұсынылады. Элегаздың айналма және салқындату жүйесі белгілі бір ұзақ және қысқа уақытта түсетін салмақ барысында автоматты түрде қосылады. Майлы трансформаторлардың ұсынылған салқындату жүйесінің конструкциясы мен жұмысы қарастырылған. Трансформаторлық майларды күштік трансформатор багында компрессорсыз және компрессормен салқындатудың зертханалық тәжірибелері жүргізілген. Барботаждауды пайдалану кезінде және табиғи жолмен салқындату кезіндегі уақытқа байланысты температураның графигі келтірілген. Қыздыру элементтерінің әр түрлі қашықтығындағы трансформатор майларының температура өткізгіштігі мен жылу бергіштігінің коэффициенттері эксперимент ретінде анықталды. Тік бұрышты параллелепипеттегі жылу ағымының бөлінуінің математикалық есебі қарастырылып, тік бұрышты параллелепипедті білдіретін күштік трансформатор багындағы жылуды өткізу теңдеуінің шешімі келтірілген. Зертханалық қондырғының конструкциясы толық сипатталған. Қолданылған термопарлардың, компрессорлардың маркасы және ұқсас цифрлық өңдегіштің маркасы келтірілген.
Түйінді сөздер: трансформатордың техникалық жағдайы, электрмен жабдықтау, бақылау, жөндеу, элегаз, тиімділік, барботаждау.

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика