Ғарыштық мақсаттағы зымыранның апаттық құлау орындарын экологиялық зерттеу сызбасын әзірлеу

МРНТИ 87.15.03                                                                              №1 (2019г.)

 

Агапов О.А., Большакова Н.А , Степанова Е.Ю. , Жубат К.Ж. , Атыгаев А.Б.

 

Қазақстан аумағындағы ғарыштық мақсаттағы зымырандардың (ҒМЗ) апаттық ұшырылымының зардаптарына экологиялық баға беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында ҒМЗ апаттық құлауынан кейін бірден қоршаған орта нысандарының сынамаларын жедел түрде алу сызбасы алғаш рет әзірленді. Сызба «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) мамандарының Қызылорда және Қарағанды облыстарында (Орталық Қазақстан) ҒМЗ апаттық құлау (2006, 2007 және 2013 жж.) зардаптарын жою кезінде жинаған практикалық тәжірибесіне сүйенумен әзірленді. Сұлба ГАЖ-технологияларын қолданумен, топырақ-өсімдік жамылғысындағы бұзушылықтарды (сұйық зымыран отынының төгілуі, жарылулар мен тұтанулар) ескерумен әзірленген және аса қысқа мерзімде апаттық жағдай туралы экологиялық баға алуға бағытталған. Қоршаған орта нысандарының сынамаларын жедел түрде алу әдісі өнеркәсіптік апаттардың зардаптарын жою жұмыстарына ұсынылады.
Түйінді сөздер: әдістемелік тұрғы, экологиялық зерттеу, ғарыштық мақсаттағы зымыран, апаттық құлау, ластану, топырақ.

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика