Қазақстан Республикасы су ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары

IRSTI 87.19.91                                                                                               №2 (2021 г.)

Казакбаева Т.М., Шайбек А.Д.

Мақалада Қазақстан Республикасының, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары анықталды. Жалпы ел экономикасы мен су шаруашылық кешені үшін су ресурстарын тиімді пайдалану өте маңызды. Су ресурстарын тиімді пайдалану – прогматикалық сипатта су ресурстарын шектен тыс антропогендік ықпалдан қорғау және ысырапсыз пайдалануға кепілдік беретін процесс. Су ресурстарын тиімді пайдалану халық шаруашылығын және тұрғындарды су
ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі модераторы болып табылады. Берілген жұмыста су ресурстарын тиімді пайдаланудың негіздері, су ресурстарын пайдалану процесіне әсер ететін негізгі экономикалық құралдар қарастырылды және Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын басқарудың құрылымы талданды.
Түйінді сөздер: су ресурстарын тиімді пайдалану, су ресурстары, виртуалды су, суды орнықты пайдалану, өзен ағындысы, жер беті ағындысының жиынтық ресурстары.

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика