Жарықшақ-карстық коллекторлардағы атмосфералық ылғал мен конденсациялық үрдістердегі су буларының конденсациясы

МҒТАР 87.35.29                                                                                  №4 (2018г.)

 

Шестаков Ф.В.

 

Бұл мақалада жарықшақ-карстық коллекторлардағы атмосфералық ылғал мен конденсациялық үрдістердің конденсациясы бойынша негізгі ғылыми басылымдарға шолу жасалған. Эксперименттер мен байқаулардың нәтижелерінің талдауы ғалымдардың бұрынғы ұсыныстары баланстық есептерде конденсациялық құраушыны ескермейтінін, оның негізсіз екенін көрсетті, оны анықтап, аяқтау қажет. Қырым мен ТМД басқа аудандарындағы эксперименттер мен режbмдік байқаулар жарықшақ-карстық коллекторлардағы конденсациялық сулардың қалпына келуінің салдарынан тұщы сулардың ең маңызды көзі болуы мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан жарықшақ-карстық алқаптардағы конденсациялық сулардың барлауын және игерілуін ең маңызды міндеттердің бірі деп санау керек, оның шешілуі Қазақстанның көптеген аудандарының сумен қамтамасыз етілуін жақсартады. Кертпештерде әр түрлі биіктіктерде зерттеулер жүргізу үшін ылғылдылықты, температураны, қысымды өлшеу үшін аспаптар орнатылды. Осы аппараттардан аптаның ішінде көрсеткіштер жазылып алынды. Алайда қайта құруға байланысты осы қызықты және маңызды жұмыстардың қаржыландырылуы тоқтатылды. Жарықшақ-карстық коллекторлардағы атмосфералық ылғалдың және конденсациялық үрдістердің зерттелуі, әсіресе Қазақстанның карстық аудандары (Улучур үстірті, Сусіңген және т.б.) үшін маңызды, мұнда су ресурстарының конденсациялық құрамдас бөлігі (Қазақ КСР ҒА Тау-кен ісі институтының алдын-ала деректері бойынша) негізгі рөлді атқаруы мүмкін.

Түйінді сөздер: Атмосфералық ылғалдың конденсациясы және конденсациялық үрдістер, карст, конденсациялық көздер, Дублянскийдің қатып қалған жыныстардағы су буының конденсациясы, конденсациялық су

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика