Ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдерінің ішек инфекциясына қарсы «Энтерокол» препараты

МҒТАР 34.27.51, 68.41.35                                                                          №4 (2018г.)

 

Бияшев К.Б., Джанабекова Г.К., Киркимбаева Ж.С., Бияшев Б.К., Ермагамбетова С.Е.,  Сарыбаева   Д. А.  

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдерінің ішек инфекциясына қарсы тиімділігі жоғары экологиялық қауіпсіз «Энтерокол» пробиотикалық препаратын жасалды. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мынандай биологиялық қасиеттерімен сипатталатын аттенуирленген Escherichia coli 64Г штамы алынды: дені сау жануардың ішек-қарын жолының қалыпты микрофлорасы, зардапты емес, улы емес, жануарлардың ішек-қарын жолдары экожүйесінде белсенді, ас қорыту жолында тіршілік ету және эпителияға адгезивті қасиеттеріне ие, табиғи штамдардан ерекшелігі сол генетикалық маркері бар, ауыл шаруашылығы жануарларының  жас төлдері үшін қауіпсіз. Esherichia coli 64Г штамына № 28311 патент алынған. E.coli 64Г штамы негізінде жаңа туған жануарлар мен құстардың ішек-қарын инфекциясын емдеу мен алдын алуға арналған Қазақстан Республикасы шаруашылықтарында кеңінен апробацияланатын «Энтерокол» пробиотикалық препараты дайындалды. «Энтерокол» препаратына № 25918 патенті алынды. Оның әлемде теңдесі жоқ.
Түйінді сөздер:. эшерихия, пробиотик, аттенуация, штамм, ішек инфекциясы.

 

Комментарии закрыты.

Яндекс.Метрика