replica rolex watches replica watches swiss rolex replica watches uk

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық ауқымын жасаудағы қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарын талдамалы-синтетикалық өңдеу/ Аналитико-синтетическая переработка публикаций казахстанских — ученых и специалистов при создании информационного массива агропромышленного комплекса Казахстана

УДК 025.3:001.814:631.636 Выпуск 4, 2013 г. МРНТИ 20.19.19

       
Скачать
                                                      

 

Т. М. Мырзахметов, а.-ш.ғ.к., Ж. А. Карабаев, а.ш.ғ.д., Г. З. Оспанова

 Ұлттық ғылыми-техникалық  ақпарат орталығы

     

Проанализированы и обобщены информационные ресурсы Реферативного журнала серии 03 за 2009-2013 гг. Представлены основные направления деятельности и научных исследований отечественных ученых и специалистов в области аграрной науки. Показана роль НИИ и вузов республики в формировании научной информации.
Ключевые слова: информационные ресурсы, реферативный журнал, аграрная наука, обработка литературы.

______________________

Мырзахметов Т.М,  Карабаев Ж.А., Оспанова Г. З.
ҚАЗАҚСТАН АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ  АУҚЫМЫН ЖАСАУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР МЕН МАМАНДАРДЫҢ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫН ТАЛДАМАЛЫ-СИНТЕТИКАЛЫҚ  ӨҢДЕУ

 2009-2013 жылдардағы Реферативтік журналдың 03 сериясының ақпараттық ресурстары талданды және жинақталды. Аграрлық ғылым саласындағы отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми зерттеулері мен қызметтерінің негізгі бағыттары берілді. Ғылыми ақпаратты қалыптастырудағы республиканың ҒЗИ мен ЖОО рөлі көрсетілді.
Түйінді сөздер: ақпараттық ресурстар, реферативтік журнал, аграрлық ғылым, әдебиеттерді өңдеу.

_____________________

Myrzakhmetov T.M,  Karabayev Zh.A., Ospanova G.Z.
ANALYTIC-SYNTHETIC PROCESSING OF PUBLICATIONS OF KAZAKHSTANI SCIENTISTS AND EXPERTS TO CREATE A DATA STORE OF AGROINDUSTRIAL COMPLEX OF KAZAKHSTAN

Information resources of the Abstract Journal 03 series for 2009-2013 are analyzed and summarized. The main directions of activity and scientific research of local scientists and experts in the field of agricultural science are submitted. The role of republican research institutes and institutions of higher education in the formation of scientific information is shown.
Key words: Information Resources, abstract journal, agricultural science, the processing of literature.

 

 

Еліміздің зияткерлік әлеуетінің сипатын айқындайтын, мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық ресурстар қазақстандық ғылымның жетістіктеріне талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған орай,  қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарын, ойластырылған және тиімді жинақталған ақпараттық қорларды талдамалы-синтетикалық өңдеу әдістерін жетілдіру әсіресе де өзекті.  

Ғылыми-техникалық әдебиеттердің келу ағымын талдамалы-синтетикалық өңдеу (ТСӨ), Қазақстанда және одан тыс жерлерде жарияланған, қазақстандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми зерттеулері мен әзірлемелері нәтижелерін жинау, өңдеу, жүйелеу, сақтау және рефераттау негізінде жүзеге асырылады.

Осы мәселелер «Ауыл және орман шаруашылығы. Тамақ өнеркәсібі. Биотехнология» Реферативтік журналының 03 сериясында да қарастырылады.

            РЖ 3 сериясы бойынша құжаттық ағымды зерттеу жарияланымдар саны, ғылыми-зерттеу мекемелерінің жарияланымдық белсенділігі, мерзімді және ұзақ мерзімдік басылымдар өнімділігі, отандық аграрлық ғылым саласында зерттелетін басымдықты даму бағыттары бойынша жүргізілді [1, 2, 3, 4].     

         РЖ ДҚ қалыптастырудағы негізгі ақпарат көздері мерзімді басылымдар, ғылыми еңбек жинақтарынан мақалалар, әртүрлі конференциялар мен симпозиумдар материалдары болып табылады. 

          5 лет жыл ішінде (2009-2013 жж.) Реферативтік журналға 6202 рефераттар өңделді және енгізілді. Олардың жалпы санының 84,3 % мерзімдік басылымдардағы мақалалар құрайды, 15,3 % — ғылыми еңбектер жинақтарынан және 0,35 %  - монографиялар, кітап-жинақтар және патенттер.

           Сериялық  мақалалардың РЖ ақпараттық ауқымында едәуір басым болуы реферативтік журналдың дайындығы мен басылымының әлемдік тәжірибесімен сәйкестендіріледі, өйткені барлық ғылыми жарияланымдардың  75 % астамы осы журналдарда басылады.

                                                                                                                   1 кесте

РЖ енгізілген, ақпараттардың құжаттамалық көздерінің түрлері

 

Құжат түрі

құжаттар саны

барлығы

%

 

2009

2010

2011

2012*

2013**

Мерзімдік басылымдардан мақалалар

1101

1261

1732

833

300

5227

84,3

Ғылыми еңбектер жинағынан мақалалар

601

326

3

22

-

952

15,3

Монографиялар

3

4

7

-

-

14

0,2

Кітап-жинақ

1

-

-

-

-

1

0,02

Патенттер

8

-

-

-

-

8

0,13

Барлығы

1714

1591

1742

855

300

6202

100,0

Ескерту * — тек сериялық басылым

                      **- ағымдағы жылдың 9 айындағы ғана

 

1 суретте РЖ 3 сер. қалыптастыру динамикасы көрсетілген. Қисық  тренд зерттеу кезеңіндегі құжаттар санының өсуін көрсетеді, ол, аграрлық сала мен тамақ өнеркәсібіндегі қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жарияланымдық белсенділігін  ашып бере алады.

 

 myrza 1

 1 суретРЖ 3 сер. қалыптастыру динамикасы

РҒА ҒТАБИ әдістемесі бойынша РЖ 3 сериясындағы жарияланымдарды өңдеу жеделдігі төмендегідей өрнек бойынша есептеледі (1):

             myrza 2     (1)

мұнда N – 5 жылдағы РЖ құжаттардың жалпы саны (2007-2011 жж.)

n1 - 2007 ж. РЖ құжаттар саны
n2 — 2008 ж. РЖ құжаттар саны
n3 — 2009 ж. РЖ құжаттар саны
n4 — 2010 ж. РЖ құжаттар саны
n5 — 2011 ж. РЖ құжаттар саны

2007 ж. РЖ басылым құжаттары үшін жариялану мерзімі (k) k1=0,5 жылды құрайды; 2008 ж. басылым құжаттары үшін — k2=1 жыл; 2009 ж. басылым құжаттары үшін – k3=2 жыл; 2010 ж. басылым құжаттары үшін– k3=3 жыл; 2011 ж. басылым құжаттары үшін – k4=4 жыл; ( 2 кесте). Өрнекке сәйкес 2011 жылдың жеделдік көрсеткіші:

 myrza 3құрайды

 

1,9 көрсеткішінің шамасы РЖ 3 сериясы басылымының жеделдігін көрсетеді және, ғылыми мақалалардың, олар жарияланған соң  орташа алғанда  1,5-2 жылдан кейін  өңделетінін айқындайды. Бұл деректердің өткен жылғы деректермен  ара-қатынасы бірдей. РЖ қалыптастыруда электрондық ресурстарды  пайдалануды кеңейту, өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік жасайды. 

2 кесте - РЖ  құжаттарды түпдерек басылымдары бойынша бөлу   

 

Басылу жылы

Құжаттар саны

%

2007

281

4,5

2008

1610

26,0

2009

1680

27,1

2010

1380

22,2

2011

96

1,5

2012

855

13,7

2013

300

4,8

Барлығы

6202

100,0

Мақалалардың басылатын орны бойынша зерттелетін ауқымдағы жарияланымдардың пайыздық  ара қатынасы анықталды (2009-2013жж.).

Ақпараттық ауқымда негізінен Қазақстанда басылған отандық ғалымдардың жарияланымдары (96,5 %), Ресей басылымдарында жарияланған мақалалар  (3,5 %) бар. 

РЖ енгізілген құжаттардың жалпы санынан, орыс тілінде жарияланғандар 84,0 %  алса,  қазақ тіліндегі көлемі– 16,0 % құрайды.

Ақпараттық ауқымның 50 % астамын құрайтын, РЖ 3 сериясына енгізілген документальдық ақпараттардың ең нәтижелі дереккөздері мына журналдар болып табылады: «Қазақстан ауыл шаруашылық ғылымының Жаршысы» — 1213 құжат (23,1 %),  «Зерттеулер, нәтижелер» — 1056 құжат (20,1 %), Жаршы594құжат  (11,3 %).

3 кесте — Мерзімдік  және ұзақ мерзімдікбасылымдар бойынша  жарияланымдарды бөлу

 

Дереккөздің аталуы

құжаттар саны

%

Қазақстан а.-ш. ғылымының Жаршысы

1213

23,1

Зерттеулер, нәтижелер

1056

20,1

Жаршы

594

11,3

Қаз АТУ ғылымының Жаршысы

540

10,3

Ғылым және білім

341

6,5

Тамақ технологиясы және сервис

320

6,1

Топырақтану және агрохимия

157

3,0

ҚР ҰҒА Хабаршысы. Биол.және мед сер.

131

2,5

Ветеринария

105

2,0

Қазақстан ғылымының жаңалықтары

94

1,8

Қазақстан тамақ және өңдеу өнеркәсібі

79

1,5

АгроИнформ

79

1,5

Қаз ҰУ Жаршысы. Биол. сер.

63

1,2

СМУ Жаршысы

63

1,2

АльПари

58

1,1

Транзиттік экономика

37

0,7

ҚарМУ Жаршысы.Биол. және  мед., география сер.

31

0,6

Ғылым

26

0,5

Саясат

26

0,5

Басқалары ( 0,4 % аз 53 журналдар атауы)

236

4,5

Барлығы

5249

100,0

 

4 кестеде  ғылыми басылымдарда еңбектері ең жиі кездесетін ұйымдар келтірілген.Ол ұйымдарҚазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы технологиялық университеті, Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті, С.Сейфуллин ат. Қазақ аграрлы-техникалық университеті, У.Успанов ат. Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми –зерттеу институты.

 

4 кесте —  РЖ еңбектері енгізілген, ҚР ҒЗИ, ЖОО және басқа да ұйымдары

 

Ұйымның аталуы

Құжаттар саны

%

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

1199

19,3

Алматы технологиялық университеті

1168

18,8

Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті

362

5,8

С.Сейфуллин ат. Қазақ аграрлы-техникалық университеті

355

5,7

У.Успанов ат. Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми –зерттеу институты

213

3,4

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми –зерттеу институты

188

 

Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

182

2,9

Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы

168

2,7

Ветеринария ғылыми-зерттеу институты

167

2,7

Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты

112

1,8

Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

111

 

Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университеті

99

1,6

А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті

99

1,6

М. Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті

99

1,6

Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-өндірістік орталығы

87

1,4

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және ветеринария ҒЗИ

74

1,2

Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті

68

1,1

ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты

62

1,0

әл-Фараби ат. Қазақ мемлекеттік университеті

62

1,0

М. Х. Дулати ат. Тараз мемлекеттік университеті

56

0,9

Ботаника және фитоинтродукция институты

50

0,8

М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

43

0,7

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты

37

0,6

С. Торайғыроват. Павлодар мемлекеттік университеті

37

0,6

Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

37

0,6

 Х. А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік техникалық университеті

31

0,5

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі

31

0,5

0,5 % аз басқа да 456 ұйымдар

1005

16,2

Барлығы

6202

100,0

 

РЖ 3 сериясындағы қазақстандық ғалымдардың жарияланымдары егін және орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, ауыл шаруашылығы өндірісі процестерін механикаландыру және электрлендіру, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, биотехнологиялар саласындағы тақырыптарды қамтиды  [5, 6, 7].

Қазіргі жағдайдағы ақпараттық ресурстарды талдамалы-синтетикалық өңдеу ғылым мен инновация статистикасын қосқандағы, ғылыми-техникалық өнімнің үздіксіз мониторинг жағдайын ұйымдастыруға, дамыған және жаңа ғылыми бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.  Қорыта айтқанда, ҒТА ҰО қазақстандық ғалымдар жарияланымдарының ақпараттық ауқымы жасалған, ол елдің агроөнеркәсіптік кешені ғылыми әлеуетінің даму басымдылығына талдау жасауға мүмкіндік береді, және де ғылыми зерттеулерді әрі қарай тереңдетуге, сонымен қатар жаңа технологияларды өндіріске енгізуге жағдай жасайды.   

 

Әдебиеттер

 

1      Фролова В. А., Карабаев Ж. А., Хасенова С. К., Кубиева Т. Ш., Мырзахметов Т. М., Лазерева Е. А., Семилетова И. А. Наукометрический анализ БД «Реферативный журнал» // Научно-техническая информация. Сер. 1. Организация и методика информационной работы. – 2008. –  N 6. – С. 16-23.

2      Карабаев Ж. А., Мырзахметов Т. М., Кубиева Т. Ш., Оспанова Г. З. Формирование информационных ресурсов по животноводству и ветеринарии в Республике Казахстан // Наука и вызовы времени. Матер. Междунар. науч.-практ. конф. Т. 1. 2008. С. 184-191.

3      Мырзахметов Т. М. Информационные ресурсы по животноводству и ветеринарии в Республике Казахстан: современное состояние: Матер. Междунар. науч.-практ. конф., посвящен. 80-летию акад. К. У. Медеубекова. Алматы.- 2009. С. 169-172.

4      Мырзахметов Т. М., Оспанова Г. З. Роль биотехнологии в развитии животноводства: Аналитический обзор.-Алматы: НЦ НТИ, 2009.- 86 с.

5      Мырзахметов Т. М., Карабаев Ж. А., Оспанова Г. З. Современное состояние молочного скотоводства и перспективы его развития в Республике Казахстан: Аналитический обзор.- Алматы: НЦ НТИ, 2010.- 125 с.

6      Мырзахметов Т. М., Карабаев Ж. А., Оспанова Г. З. Современное состояние и перспективы развития основных направлений отрасли молочного скотоводства в Республике Казахстан // Научно-техническая информация как фактор научно-технологического развития Республики Казахстан: Сб. трудов. – Алматы: НЦ НТИ, 2011. С. 264-272.

7      Мырзахметов Т. М., Карабаев Ж. А., Оспанова Г. З. Формирование и анализ информационных ресурсов по проблемам животноводства и ветеринарии // Новости науки Казахстан. – 2012. -  N 3-4. – С. 71-80.

 

Комментарии закрыты.