replica rolex watches replica watches swiss rolex replica watches uk

Кәсіптік мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктері

ӘОК 371.64 Выпуск 2, 2013 год МҒТАР 14.85.25

А. Х. Касымова, п.ғ.к.

Орал қ. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университететі

Оперативті диспетчерлік басқаруда рационалды таңдау есептерін ұсыну үшін базисті қасиеттердің тізімі қажетті және жеткілікті болатындығы көрсетілді. Сонымен қатар, бұл тізім әр түрлі теориялар шеңберінде шешілетін рационалды таңдаудың барлық тапсырмаларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: басқару, шешім қабылдау, оптималдау, классификация.

It is shown that the list of basic properties is necessary and sufficient to represent the problems of rational choice in the tasks of operational dispatch management. This list also allows combining all the basic tasks of rational choice to be solved within various theories.
Key words: control, decision-making, optimization, classification.

Еліміздің «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың әлеуметтік деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді ұғындырудың бір жолы- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аудару өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
            Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, «ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және барлық жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруін талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

 Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы – интерактивті  технологиялар. Қазіргі уақытта оқу үрдісіне интерактивті  технологияларды –жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағыт алынған. Зерттеудің мақсаты: Интерактивті тақтаны информатика пәнінде қолданудағы үлкен артықшылықтар мен ерекшеліктерін жетік меңгеру.

Зерттеудің міндеттері: 

Ø Интерактивті оқыту теориясын қарастыру;

Ø Интерактивті тақта мүмкіндіктерін талдау;

Ø Интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктерін талдау;

Ø Кәсіптік мектеп информатикасында интерактивті тақтаны қолдану үлгілерін көрсету.

Зерттеу пәні:  информатиканы оқыту әдістемесі.

Зерттеу болжамы: егер білім беруді жаңарту жағдайында кәсіптік  мектепті  ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық  негіздері нақты айқындалса, онда кәсіптік білім беруден бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын,  ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады. 

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламаларына және оқу әдебиеттеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау; мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; кәсіптік мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда  өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: білім беруді жаңарту жағдайында кәсіптік мектепте интерактивті тақтаны пайдаланудың  әдіснамалық-теориялық негізі айқындалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: кәсіптік мектептің информатика сабағында интерактивті тақта пайдалану үлгілері жасалды.

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі- білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес. 

Қазіргі таңда Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл   қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде  біртұтас біліми  ақпараттық орта құру арқылы Қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арнап қабылдаған Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қазіргі талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемаларын шешуге арналған. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына қойылған мақсат — әлемдік стандарт деңгейінде білім беру. Бұл аталған бағдарлама мен жолдаудың басты құндылығы- еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт беруімен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашу. Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың  білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы рөлінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.  

Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті — қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға бағдарламалау саласынан  маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан бағдарламалаудан негізі түсінігі   мен бағдарламашы еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі — кәсіби іс-әрекетке функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман [1].       

                   Интерактивті тақта- білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйелер кешені болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті бір-екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

                   Компьютердің VGA- портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері  және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар.

                   Интерактивті тақта бағдарламалық-техникалық кешенін дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі-жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

                   Бағдарламалық-технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытуға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар  көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін  визуалды қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет –ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу , CD-ROM ,Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу  және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады [4].             

                   Интерактивті тақта сабақтың қай түріне болса да тиімді. Ол бір мезгілде тақтаның және көрнекі құралдардың, сабаққа керекті материалдарды оқушыларға дайын түрінде көрсетуге қолданылатын жүйе.

                   Мысалға,  Кәсіптік мектеп информатикасында интерактивті тақтаны қолдану үлгілері бойынша «MS Word мәтін  редакциясын қайталау»   тақырыбында бір сабақты алсақ.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: MS Word бойынша білімдерін нығайтып,біліктілін дамыту.

ә)Тәрбиелігі: Оқушыларды тиянақтылыққа, заман талабына сай  ақпарат көздерін тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

б)Дамытушылық: Компьютерді қажетіне қарай пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,кестелер

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың барысы:

                             1.Ұйымдастыру бөлімі

                            2. Жаңа сабақты түсіндіру

                             3.Үй тапсырмасын беру

                             4.Қорытындылау

Қалам арқылы немесе экранға пернетақтаны шығарып, берілген өлең жолдарын тереміз. Бұл мәтінді оқушының назарын аудару үшін түрлі-түспен жасай аламыз. Оларға жақсы көріну үшін мәтін шрифтісін үлкейтеміз, экранның ортасына реттейміз, оған түрлі шрифт атын таңдап көрсетеміз, өлең жолдарын қалың, автор атын курсивті шрифтпен жазып қоямыз.

Өзіңде  бүршік жарған  арман бұла,

Ұшырған талай  қыран, тарланды да,

Мектебім, қасиетті мекенімсің

Мәңгілік  Жәңгір ханнан қалған мұра.

                                                         Ғайса – Ғали Сейтақ

Бұл операцияларды оқушы интерактивті тақтаның қаламымен орындап, оқушыларға да қалауынша қайталауға, өзгертуге мүмкіндік береді.

Оқушылар ,Жәңгір ханнан біздерге  қалған мұра  деп нені  айтар едіңдер?

-Мектеп.

-Иә, мектеп 1841 жылы 6 желтоқсанда ашылды,олай болса , биыл  мектебімізге 170 жыл толады. Бүгінгі сабағымызды мектеп өмірімен  байланыстырамыз.

Жәңгір ханның өмірбаянын  экранға шығарып, оқушылар өздері жоғарыда көрсетілген мәтін операцияларын орындайды. Оқушылар интерактивті тақта көмегімен үй жұмысынан өздері құрған мектептің 170- жылдық мерейтойына арналған жобаны көрсетті.

    Жаңа тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін ҰБТ-жинақтарында кездесетін Жәңгір ханға қатысты тест сұрақтарынан оқушыларға тест жасатамыз.  Бұл құрал алдын ала тест сұрақтарын дайындап қойып, ал оқушылар тестіні тапсырар кезде қағаз немесе қалам көмегінсіз тақтада жазылып тұрған сұраққа ACTIVote (пульт) басқару құрылғысы арқылы жауап бере алады. Сабақты қорытындыларда Жәңгір ханның өмірбаянынан сұрақтар қойып, жауаптарын лупа мен пердемен жауып қойсақ ыңғайлы.

вып.2  Касымова

   

1 сурет. Сабақ материалынан көрініс.

         Интерактивті тақта дәріс сабақтарында дәріс жазуды да жойды. Интерактивті тақтадан қажет мәліметті ашып қойсақ, оқушылар өзіне керегін жазып ала алады, болмаған сабақтың дәріс немесе бейнетаспаға жазылған түрін де алады. Әр сабақта интерактивті тақтаның жаңа мүмкіндіктерін қолдану оқушының интерактивті тақтаны зерттеуге қызығушылығын арттырумен қатар, сабаққа деген ынтасын көтереді. Әсіресе информатика сабағында интерактивті тақтаны барлық жағынан қолдануға болады, яғни тәжірибе сабағында өте ыңғайлы құрал, себебі оқытушының жасағанын түсінбеген оқушының оны кайталауға мүмкіндігі болады немесе сабақты жақсы түсінген оқушы барлық сыныпқа қайталап көрсете алады.

кас 3

2- сурет. Сабақ фрагменті.

Бұл мысалда беріліп отырған сабақ құрамы білім беруді жаңарту жағдайында кәсіптік  мектепті ақпараттандырудың  теориялық-әдіснамалық негізі-  тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, біліми үрдістің барлық компоненттерін ізгілендіру идеясының  бірі болып табылады. 

Кәсіптік мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері олардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда келесі механизмді:  компьютерлік сауаттылық — ақпараттық сауаттылық — ақпараттық мәдениет  анықтауға көмектеседі. Оқу үрдісінде қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасының сипатын өзгертіп, оның  ынтымақтастық, өзара түсіністік, бірлескен шығармашылық жұмыс, өзара тәжірибе алмасу сипатына ие болуына себепші болады. Ал ол ең алдымен, бұл жас шамасындағы оқушылар арасында кең тараған  мазасыздану, үрей, өз-өзіне деген сенімсіздік  сияқты жағымсыз жайларды болдырмауда рөлі зор.

Кәсіптік мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру келесі педагогикалық шарттарды тірек еткенде ғана тиімді болады, олар: тұлғалық- бағдарлы оқытуды тиімді жүзеге асыратын нәтижеге бағдарланған педагогикалық технологиялар, ақпараттық-технологиялық компетенттілігі қалыптасқан, қазіргі ақпараттық технологиялар мен педагогикалық технологияның өзара байланысына құрылған ақпараттық білімі орта, информатика пәнінің бастапқы курсы болып табылады.

Кәсіптік мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының қалыптасуы ынталық, танымдық, әрекеттік-технологиялық, құндылықты –бағалау компоненттерінің бірлігінде және көрсеткіштер мен өлшемдердің негізінде жасалған құрылымдық модельге байланысты. 

Кәсіптік мектепте оқу-тәрбие үрдісінде   педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологияларды өзара байланыстыра қолдану, олардың ақпараттық сауаттылықтарын тиімді түрде қалыптастыруға мүмкіндік берумен қатар, жасырын жатқан қабілеттерінің көрініс табуына себепші болады, ал ол өз кезегінде олардың  кәсіби бағдарлануларына   негіз болады. Сонымен қатар «есте сақтау мектебінен» «ойлау және әрекет мектебіне» көшуге, сөздік және әрекеттік оқыту арасындағы алшақтықты жеңе отырып, толық өлшемде екі ірі педагогикалық тұжырымдамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.

Кәсіптік мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру міндеті тек бір ғана информатика курсына оқыту  шеңберінде шешіле алмайды. Өйткені бүгінгі таңда қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктері оларды оқыту құралы ретінде тәжірибелік тұрғыда барлық пәндерді оқытуда қолдануға  мүмкіндік береді. Сондықтан информатика пәнінің өзінің педагогикалық мәнін жоғалтпай, керісінше,  маңызды пәнаралық байланыс қызметін қамтамасыз ететін әдістемелік  курсқа ауысу негізінде рөлі арта түседі [6].              

Ақпараттық-технологиялық құзіреттілігі қалыптасқан кәсіптік мектеп мұғалімінің оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда рөлі зор. Өйткені  бүгінгі ақпараттық қоғамның  жас ұрпағы оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын толық жаңартуды,  озық технологиялар мен әдістерді қолдануды талап ететін ұрпақ екенін ескерсек, ол педагог маман дайындайтын оқу орындары, оқытушылары мен машықкер мұғалімдердің үнемі соңғы білім, ғылым саласындағы жаңалықтардан хабардар болып, үздіксіз білімдерін жетілдіруді қажет етеді.

Педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологиялардың өзара байланысына құрылған ақпараттық біліми ортада оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын тиімді қалыптастыруға болатындығы қазіргі таңда тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында дәлелденген, сондықтан, кәсіптік  мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктері қол жетімді болуға тиіс [5].           

  Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үрдісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияны, ақылды объектілерді өмірде қолдана білу, білім беру әдістемесінде маңызды. Сондықтан да білім сапасын жақсартуда оқытушы мен оқушыға барлық жағдай жасалуда. Қазіргі мектептердің барлығының жаңа технологиялармен, соның ішінде интерактивті тақтамен қамтамасыз етілуінің өзі- білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Әр жаңа технологияның өз жаңашылдығын әкелгенімен қатар, өзіне тән қызметі болады, ол сабақ түсіндіруде уақытты немесе тағы басқа бір жағынан ұтуға мүмкіндік береді.

Мектептегі зерттеулердің нәтижесі интерактивті тақтаны- ақылды объект, яғни әмбебап тақта ретінде тануға мүмкіндік берді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мен оны қолдану мүмкіндіктерін мектепішілік зерттей келіп,  сенсорлы телефон қолданушы- оқушылар үшін  бұндай құралдар тек сабаққа қызығушылығын арттырмай, оның басқа функцияларын танып-білуге, сабаққа белсенді қатысуға, өздігінен жұмыстануға ынтасын арттырады деген шешімге келдім.

 

Қолданылған әдебиеттер

1        Зараменских, Н., Кәсіптік даярлау жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік.-//Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы.-2008/7.-44 б.

2       Ибраева, Э., Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру туралы.-//Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы.-2009/2.-20 б.

3       Қожамжарова, Р., Кәсіптік білім берудегі өндірістік оқыту шеберінің ролі.-//Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы.-2009/6.-31 б.

4       Ниязбекова, А., Өндірістік оқыту сабағында жаңа технологияны қолдану ерекшеліктер және оның білім сапасына әсері.// Кәсіптік мектеп.-2009/2.-23 б.

5        Ошақбаева, Г. О., Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың проблемалары мен болашағы.-//Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы.-2008/12.-16 б.

Комментарии закрыты.