Құрылымы біртекті емес алюминий қорытпаларын бұрандалы құралда және бойлық-сыналы орнақта илемдегенде кернеулі-деформациялы күйді зерттеу

Түйіндеме. Жұмыста шеткі элементтер әдістемесін және MSC.SuperForge бағдарламасын қолданып, бұрандалы пішінбілік пен болық-сыналы орнақта дайындаманы илемдеген кезде пайда болатын кернеулі-деформациялы күй зерттелді. Алынған мәліметтер негізінде, АД31 алюминий қорытпасында жасалған жолақтарда бұрандалы пішінбілік пен болық-сыналы орнақта илемдегенде Кернеулі деформациялық күй  біркелкі таралатындығы анықталды. Кернеулі деформациялық күй  біркелкі таралуы, біртекті ұсақтүйіршікті құрылымды қалыптастыратындығын және беріктік пен пластикалық қасиеттерді жоғарлататындығын көрсетті.Құрылымның әртектілік көрсеткіштерінің ескерілуімен, бұрандалы пішінбіліктерде және бойлық-сыналы орнақта илемдеу процесін шеткі элементтер әдісімен модельдеуді жүргізіп, пішін өзгеру процесінде алюминий қорытпасы жаймаларының зақымдалуына, қосындылардың көлемдік үлесі, түрі және дайындаманың қимасы бойымен орналасуы әсер ететіндігі және қосындылардың механикалық қасиеттерінің мәніне байланысты кернеу мен деформация қарқындылығының максималды немесе минималды мәндері қосындыларға жақын орналасқан аймақтарда шоғырланатыны дәлелденді.
Түйінді сөздер: АД31 алюминий қорытпасы, илемдеу, бұрандалы пішінбілік, қарқынды пластикалық деформация, болық-сыналы орнақ, кернеулі-деформациялы күй, сандық модельдеу, кернеу, дефермация қарқындылығы, бірлік жаншу.

Яндекс.Метрика